Kyzylorda-news.kz Әлгінде ғана №9 дарынды балаларға арналған Қызылорда облыстық «Білім-Инновация» лицейінің спорт алаңы мен шағын бағы бар ауласына әкімдік жаңа ғимарат салмақшы деген ақпарат тараған. Бұны естіген ата-аналар әлемжеліге базынасын жеткізді. Әлеуметтік желі қолданушылардың ойы да екіге бөлінді. Бірі мектеп ғимаратына тиесілі жерді қалдыруды талап етсе, енді бірі балалардың спортпен шұғылдануы үшін «Қызылорда аренаның» БИЛ ғимаратының ауласына салу керек деген пікірді құптады. Бір аптаға созылған жер дауы немен аяқталды?

Аталған мәселені анықтау мақсатында «Білім-Инновация» ХҚҚ президенті Дархан Ермаханұлы Сыр еліне арнайы келді. Аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлымен кездесіп, мән-жайды нақтылады. Нәтижесінде, «Қызылорда арена» көп функционалды кешен құрылысы салынатын болып шешілді. Бұл ғимарат лицей оқушылары мен өңір жастары үшін қажетті әлеуметтік нысанға айналмақшы екен.

Өз кезегінде әкімдік «Қызылорда арена» құрылысына өтетін жерде тұрған спорт алаңдары мен демалыс алаңқайларын мектептің артқы ауласына салып беріп, оқу процесіне және білім алушылардың сапалы әрі қауіпсіз білім алуына барша жағдай жасаймыз деп қолдау білдіріпті. 

«Білім-Инновация» ХҚҚ президенті Дархан Ермаханұлы лицей ата-аналарымен кездесіп, мәселені толық түсіндіріп, алдағы уақытта лицейдің бұдан әрі сапалы білім саналы тәрбие беру жолындағы жоспарлы жұмысын қарқындата түсетіндігін жеткізді.

Тағы да оқыңыз: