Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласы бойынша ауа-райының қолайсыздығына байланысты 2023 жылғы 11 желтоқсан күні, яғни ертең 0-4 сыныптар аралығындағы оқушылар қашықтықтан оқытылады, деп хабарлайды Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің баспасөз қызметі.
Айта кетейік, қаладағы 56 мектеп пен жеке мектептердің бастауыш сыныптары сабақты қашықтан оқитын болады.