Kyzylorda-news.kz. Бүгін 1 қыркүйек – Білім күніне байланысты білім беру мекемелерінде алғашқы қоңырау соғылды. Осы ретте Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасының басшысы Мира Қазбекова қаладағы Байзақ Момынбаев атындағы №278 ІТ мектеп-лицейіндегі салтанатты шараға қатысып, білім күнімен құттықтады.
«Облыс көлемінде оқушылар саны өткен жылмен салыстырғанда бес мыңға артып, 18 мыңға жуық бүлдіршін алғаш мектеп табалдырығын аттап отыр. Ел Президентінің тапсырмасына сәйкес 2025 жылға дейін республика бойынша апатты және үш ауысымды мектептерді жою мақсатында 1000 мектеп салынады. Өңірде жалпы 2023-2025 жылдары бекітілген жоспар бойынша, 20 мемлекеттік, 12 жеке мектеп салу жоспарлануда. Бүгін – ұстаздар мен оқушылар үшін қуанышты күн. Балаларымыздың болашағы зор болсын! Осы мектептен түлеп ұшқан түлектер Сыр өңірінің атын әлемге танытатын азамат болып, білім шаңырағында бәсекеге қабілетті жас ұрпақ тәрбиелене берсін деген тілек білдіреміз. Жаңа оқу жылы құтты болсын», – деді басқарма басшысы Мира Жомартқызы.