Kyzylorda-news.kz. Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде қоғамдық қабылдау ашылды. Енді білім алушылар мен профессор-оқытушылар жаңа идеялары мен ұсыныстарын  жолдап, сұрақтарына жауап ала алады.

Қоғамдық қабылдау – білім алушылар және ата-аналармен, оқу орнының қызметкерлерімен тығыз қарым-қатынас орнатып, барлық мәселелерді жедел шешуге көмектеседі. Өтінішті жазбаша немесе ресми сайт арқылы онлайн түрінде жіберуге болады.

Арнайы бекітілген кестеге сәйкес университеттің Басқарма Төрағасы-Ректоры, Басқарма мүшелері-проректорлар, комплаенс-офицер және басқа да құрылым басшылары қабылдау жүргізеді.  

«Сыр еліндегі білім мен ғылымның киелі қара шаңырағына айналған Қорқыт  ата атындағы Қызылорда университеті студенттердің әр бастамасын қолдап, оның жүзеге асуына қашан да көмек көрсетіп келеді. Білім алушылар мен университет басшылығы арасында қашан да ашық байланыс орнатылған. Соның тағы бір дәлелі оқу орнында ашылған қоғамдық қабылдау орны. Бұл - білім алушыларға үлкен мүмкіндік. Себебі, толғандырып жүрген сауалдарының жауабын алып, ұсыныстарына қолдау табады деп сенемін», - деді 2-курс студенті Айдан Берікұлы.

 P2022652.JPG

P2022664.JPG

Тағы да оқыңыз: