Kyzylorda-news.kz Қазақстандық мектептерде бірінші тоқсан аяқталуға жақын. Күзгі каникул кезеңі биыл 27 қазанда басталып, 2 қарашаны қоса алғанда жеті күнге созылады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, мектеп оқушыларының күзгі демалыстағы бос уақытын тиімді өткізу және жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту мақсатында "Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында іс-шаралар жоспары ұсынылады.

Жоспар патриотизм, әділеттілік және жауапкершілік сияқты құндылықтарды дамытуға бағытталған іс-шараларды қамтиды:

  • "Балалар кітапханасы" жобасын іске асыру шеңберінде "Демалыста кітап оқимыз" іс-шарасы;
  • "Буллингтен қорған!" қауіпсіздік сабағы;
  • "Мектеп театрының" жұмысын ұйымдастыру ұсынылады.

"Ең бастысы, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып отыр. Осы мақсатта ата-аналармен бірге жол-көлік жарақаттарының алдын алу іс-шараларына, мектептің ішкі тәртібін сақтау, балалардың көшеде қауіпсіздігі, үйдегі өрт қауіпсіздігі және киберқауіпсіздік шараларына ерекше назар аудару қажет", – делінген министрлік хабарламасында.

Фото: freepik.com

Тағы да оқыңыз: