2024 жылы қазақстандық студенттердің шәкіртақысы қандай болады? Бұл сұраққа Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Tengrinews.kz сайтының ресми сауалына берген жауабында, 2025 жылға дейін бакалавриат шәкіртақысын жыл сайын 20 пайызға, магистратура мен докторантураға жыл сайын 15 пайызға арттыру жоспарланғаны айтылған.
Комитет 2024 жылы шәкіртақы мөлшері мынадай болатынын түсіндірді:
- бакалавриат – 47 135 теңге (педагогикалық бағытта – 75 600 теңге);
- магистратура – 107 061 теңге;
- докторантура – 240 000 теңге.