Kyzylorda-news.kz. Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің студенттері үшін маңызды жаңалық. Оңтүстік Кореяның беделді Каннам университетімен әріптестік байланыс нығая түсуде.
Қос университет 20 жылдан астам уақыт бұрын серіктестік орнатқан болатын. Содан бері жыл сайын Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің студенттері Академиялық ұтқырлық бағдарламасымен Каннам университетінде оқуға мүмкіндік алды. Бұл қызылордалық студенттердің ақпараттық технология саласында сапалы білім алуына, тәжірибе жинақтауына жол ашады.
Каннам – жасанды интеллект, үлкен деректерді талдау, электроника және бағдарламалық қамтамасыз ету, жалпы ақпараттық технологиялар саласындағы жоғары деңгейлі мамандарымен танымал университет.
Каннам университетімен ақпараттық технологиялар саласында ынтымақтастықты нығайту IT саладағы студенттердің бірлескен жобалар мен зерттеулер жасауына, тәжірибе алмасуына ықпал етпек. Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің студенттерін осы мүмкіндікті тиімді пайдалануға шақырады.
Айта кетейік, бұған дейін Қорқыт ата атындағы университет Сеул ұлттық ғылым және технологиялар университетімен келісім жасасқанын хабарлаған болатынбыз.