Kyzylorda-news.kz. Университет түлегі, ауыр атлетикадан Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері, зілтемірден әлемнің төрт дүркін чемпионы Илья Ильин Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ректоры Бейбіткүл Кәрімованың қабылдауында болды.
Кездесу барысында университет ректоры зілтеміршіні жаңа қызметімен құттықтап, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі. Сонымен қатар кездесуде университеттің спорт саласындағы жетістіктерін арттыру мақсатындағы жұмыстар мен Илья Ильин мектебін қалыптастыру мәселесі талқыланды.
Сондай-ақ алдағы жаңа оқу жылынан бастап Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің білім алушылары зілтемірден әлемнің төрт дүркін чемпионы Илья Ильиннің дәрістерін тыңдайтын болады.

