Kyzylorda-news.kz. Ғалымдардың елеусіз қалғанын айтты.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, “Ой-лайық” подкастына сұхбат беріп, спорт пен білімді бөлетіндерге үндеу жасады.
“Кеше бір чемпион шықты. Біреудің мұрнын бұзып еді, оған машина да берді, жүз жылқыны да берді, түйені де берді. Әлі де беріп жатыр. Ойлап қарасаңыз, осындай жетістіктерге балаларымыз да жетіп жатыр ғой. Математикадан жыл сайын ұтып жатыр. Жыл сайын медаль әкеліп жатыр. Неге соларға ең болмағанда біреуі бір велосипед бермейді?! Меценаттар көмектесе болады ғой. Бір спортшы шықса, оған үйіп-төгіп Үкіметтен бастап береді. Кейін допинг қолданды деп шыға келеді. Кезінде бүкіл зілтемірші допингпен ұсталды. Солардың біреуі де сыйлығын қайтарған жоқ", — деп күйінді ғалым.