Kyzylorda-news.kz. Жас ұрпақтың біліміне салынған инвестицияның еселеп қайтатыны –дәлелдеуді қажет етпейтін аксиома. Құндылықтар алмасып жатқан дәуірде білімнің орны өз биігінен төмендемек емес. Тарихқа еніп бара жатқан жылда 206,8 млрд. теңге білім саласына бөлінді. Жыл ішінде 17 жекеменшік балабақша ашылды, 2 мемлекеттік балабақша жаңа ғимаратқа көшірілді. Күні кеше Қазалыда тағы бір жаңа балабақша іске қосылды. Қазір 2-6 жастағы балғындардың 85,6 %-ы, 3-6 жастағылар 100 % балабақшаға барады.

Жекеменшік балабақшалар сияқты жекекеменшік мектептер үлесі артты. Бүгінде 9 мектептің 6-уының (3 мемлекеттік, 3 жеке) құрылысы тапсырылып, 2 апатты мектеп мәселесі шешімін тапты. Үш мектеп 2023 жылға өтпелі. Облыс орталығында бала саны бойынша үш ауысымдық оқытуға ауысуы мүмкін 6 мектеп бар. Қазір екі мектепке қосымша ғимарат құрылысы салынуда, екі мектептің жоба-сметалық құжаттары әзірленуде. Тағы 2 мектептің мәселесі жаңадан пайдалануға берілетіндер есебінен шешілмек. Күрделі жөндеуден, жаңғыртудан өткен мектептер, Жалағаш ауданындағы «Оқушылар үйі», Қызылорда қаласы мен Қармақшы ауданынан ашылған 150 орындық 2 мектеп-интернат бұл саланың жұмысына серпін бергені анық.

Бәріңізге белгілі, стратегиялық жоспарлар мен ұзақмерзімді бағдарламалар алдағы жылдар алға тартатын мәселелерді терең зерттеп-зерделеген соң жасалады. Біз де оқушылар санының өсу динамикасы мен апатты мектептерге талдау жүргіздік. Нәтижесінде «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында алдағы үш жылда 15 100 орынға арналған 21 мектептің құрылысын салу жоспарланып отыр. Бұл жоба жүзеге асқанда үш ауысымды және апатты мектептер мәселесіне айналып соқпайтын боламыз.

Бүгінгі еңбек нарығын зерттеушілердің деректері көп нәрсеге көзімізді жеткізеді. Ақпараттық технологиялар дәуірінің кең алқымына көп мамандық жұтылып кететін тәрізді. Мамандарды оңды-солды оқыта берудің уақыты өткенін байқап жүрміз. Өңір экономикасына қажетті мамандықтар тізбесіне сәйкес колледждерге 4 708 орынға мемлекеттік грант бөлінді. Келесі жылы 425 орындық 4 жатақхананы пайдалануға беру жоспарлануда. Бұл – колледждерде жатақхана мәселесі болмайды деген сөз. Ендігі міндет – еңбек нарығына сай мамандар даярлау.

Жас ұрпақтың біліміне салынған инвестицияның еселеп қайтатыны –дәлелдеуді қажет етпейтін аксиома. Құндылықтар алмасып жатқан дәуірде білімнің орны өз биігінен төмендемек емес. Тарихқа еніп бара жатқан жылда 206,8 млрд. теңге білім саласына бөлінді. Жыл ішінде 17 жекеменшік балабақша ашылды, 2 мемлекеттік балабақша жаңа ғимаратқа көшірілді. Күні кеше Қазалыда тағы бір жаңа балабақша іске қосылды. Қазір 2-6 жастағы балғындардың 85,6 %-ы, 3-6 жастағылар 100 % балабақшаға барады.

Жекеменшік балабақшалар сияқты жекекеменшік мектептер үлесі артты. Бүгінде 9 мектептің 6-уының (3 мемлекеттік, 3 жеке) құрылысы тапсырылып, 2 апатты мектеп мәселесі шешімін тапты. Үш мектеп

2023 жылға өтпелі. Облыс орталығында бала саны бойынша үш ауысымдық оқытуға ауысуы мүмкін 6 мектеп бар. Қазір екі мектепке қосымша ғимарат құрылысы салынуда, екі мектептің жоба-сметалық құжаттары әзірленуде. Тағы 2 мектептің мәселесі жаңадан пайдалануға берілетіндер есебінен шешілмек. Күрделі жөндеуден, жаңғыртудан өткен мектептер, Жалағаш ауданындағы «Оқушылар үйі», Қызылорда қаласы мен Қармақшы ауданынан ашылған 150 орындық 2 мектеп-интернат бұл саланың жұмысына серпін бергені анық.

Бәріңізге белгілі, стратегиялық жоспарлар мен ұзақмерзімді бағдарламалар алдағы жылдар алға тартатын мәселелерді терең зерттеп-зерделеген соң жасалады. Біз де оқушылар санының өсу динамикасы мен апатты мектептерге талдау жүргіздік. Нәтижесінде «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында алдағы үш жылда 15 100 орынға арналған 21 мектептің құрылысын салу жоспарланып отыр. Бұл жоба жүзеге асқанда үш ауысымды және апатты мектептер мәселесіне айналып соқпайтын боламыз.

Бүгінгі еңбек нарығын зерттеушілердің деректері көп нәрсеге көзімізді жеткізеді. Ақпараттық технологиялар дәуірінің кең алқымына көп мамандық жұтылып кететін тәрізді. Мамандарды оңды-солды оқыта берудің уақыты өткенін байқап жүрміз. Өңір экономикасына қажетті мамандықтар тізбесіне сәйкес колледждерге 4 708 орынға мемлекеттік грант бөлінді. Келесі жылы 425 орындық 4 жатақхананы пайдалануға беру жоспарлануда. Бұл – колледждерде жатақхана мәселесі болмайды деген сөз. Ендігі міндет – еңбек нарығына сай мамандар даярлау.

(2022 жыл қорытындысы "Сыр бойы" газетінде жарияланған облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтің мақаласынан үзінді)

Тағы да оқыңыз: