Фото: ашық дереккөз

Kyzylorda-news.kz. Батыс Қазақстан облысындағы ауыл педагогтарына 250 миллион теңге үстемеақы төленбеген, деп хабарлайды Steppenews ақпараттық агенттігі.

Мұндай заңсыздықтар Сырым ауданындағы балабақшалар мен мектептерде анықталған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдерінің айтуынша, 3 жылда 1200-ге жуық білім саласының қызметкері тиісті төлемақыларынан қағылған. Олардың жалақысына 10 пайыздық үстеме қосылуы тиіс болған. Заң бұзғандар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

«Ерекше еңбек жағдайлары үшін лауазымдық жалақының 10 пайызы мөлшерінде үстемеақы белгілеу қажет. Алайда Сырым ауданының білім бөлімі 2020-2023 жылдар кезеңінде 26 білім беру ұйымының 1195 қызметкеріне осы үстемеақыны төлемеген. Департаменттің араласуынан кейін білім бөлімі тарифтік тізімге өзгеріс енгізіп, жалақы қайта есептелді», – деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының орынбасары Мұратбек Қасымов.

Тағы да оқыңыз: