Kyzylorda-news.kz. ҚР Оқу-ағарту министрлігі мемлекеттік қызметкерлерге, бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесіне түзету жобасын әзірледі.

Түзетулер Мемлекет басшысының 2022 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті мемлекет. Бір халық. Гүлденген қоғам» Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру шеңберінде білім беру қызметкерлерінің әлеуметтік жағдайы мен жалақысын өсіру мақсатында әзірленген. 

Жобаны іске асыруға республикалық бюджеттен 27 799 880 мың теңге қаражат қажет.

Сондай-ақ «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, орта білім беруді жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 қарашадағы  №597 бұйрығына бірқатар өзгеріс енгізіледі. 

Жоба 2023 жылдың 5 мамырына дейін қоғамдық талқылау үшін «Ашық НҚА» порталында орналастырылған.

2023 жылғы 16 қаңтарда Қазақстан үкіметі азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесіне өзгерістер енгізді. Нәтижесінде аталған санаттағы қызметкерлердің жалақысы өсті.

Тағы да оқыңыз: