Kyzylorda-news.kz. Бүгін ұлағатты ұстаз, ғалым Сайлыбаев Бақытжан Әбдіқалықұлын еске алуға арналған техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтері арасындағы волейболдан облыстық турнирі басталды.

Турнирдің салтанатты ашылуына облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Әзизбек Ізімбетов, Бақытжан Әбдіқалықұлының бірге жұмыс жасаған әріптестері және туыстары қатысып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

«Бақытжан Әбдіқалықұлы «Ұстаз» атты ұлы есімді биік ұстады. Саналы ғұмырында шәкірттердің бойына білім сәулесін жағып, тәрбиелеп өсірді. Ұлағатты ұстаз білім берумен қатар 40-тан астам ғылыми-әдістемелік еңбек жазып, аймағымыздың білім саласына елеулі зор үлесін қосты. Оның бұл еңбектері – келешекке мол мұра болып қалатыны анық. Өткен жылдан бастап ұлағатты ұстазды еске алу шарасы ұйымдастырылып келеді. Былтыр да волейболдан турнир өткізіліп, Бақытжан Әбдіқалықұлы өзінің соңғы жылдары жұмыс жасаған, білімнің қара шаңырағы М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінде тағылымды шара өтті. Биыл да бұл жалғасын табуда. Әрине, ұстазға көрсетілетін құрмет мұнымен шектелмейді. Алдағы уақытта да көптеген шаралар өткізілетін болады. Жарысқа қатысушыларға сәттілік тілеймін», - деді Әзизбек Ізімбетов.

Айта кетейік, Текей батыр Қарпықұлы атындағы Қызылорда жоғары колледжінде өткізіліп жатырған спорттық шараға облыстағы барлық колледждерден 17 команда, 100-ден аса оқытушы қатысуда. 

347404396_187838450879072_5172787211127036880_n.jpg

Тағы да оқыңыз: