Фото: halyq-uni.kz

Kyzylorda-news.kz. Бұған дейін Қызылордадағы QAZBilim ұлттық лицейінің ұстаздары жалақы уақытылы түспегеніне наразылығын білдірген болатын. Бұған қатысты директоры Аятжан Ахметжан бізге мынадай пікір білдірді.


- QAZBilim ұлттық мектебі лицензиясын қараша айында алды. Бұл – мемлекеттен бір тиын алынбайтын кезең. Мектеп ғимараты, ұстаздар жалақысы, күнделікті шығынның бәрі менің мойнымда. Иә, мұндай проблема болды. Дегенмен, түйін  шешілді. Бірақ зейнетақы қорының соңғы аударымдары түскен жоқ. Алайда біз бұл мәселені жан-жақты қарап жатырмыз. Жауапкершіліктен қашпаймыз! Жалақы кешігу, кешікпеуі ішкі кухняның мәселесі. Бұған қоса алғашқы үш-төрт айда жалақы кешігуі мүмкін деп ескертілген еді. Дұшпан көп қой. Әңгіме айтыла береді, - деді А.Ахметжан.

Тағы да оқыңыз: