Kyzylorda-news.kz. Жыл бастауы қарсаңында Аралдағы білім саласы қуанышты жаңалықпен басталды. Арал ауданындағы Ж.Әбдірашев атындағы №62 мектеп-лицейі «Ауылдық аймақтардағы тірек мектептерінің әлеуетін арттыру» жобасы аясында «Қазақстан Халқына» қоғамдық қоры мен «Білім беруді тұрақты дамыту» қоры арқылы 250 млн. теңге қаржы бөлініп, білім ұясының базасы толықтай жаңғыртылды.

Атап айтар болсақ, мектептегі 33 оқу кабинеті мен қосымша білім беру шеберлік сыныптары, STEM-лабораториялар, арт-студия мен интеллектум-кабинет ашылып, акт залы мен кітапхана заманауи техникамен жарықтандырылды.

Бұдан бөлек Арал ауданындағы осы лицейде мектеп телестудиясы да жасақталады. Бұл келешекте мектеп тәжірибесін аудандағы шағын комплектілі мектептерге көрсету мүмкіндігін береді.

Айта кетейік, мұндай бағдарлама жеңімпазы атанған әр облыстан бір мектептен болса, оның бірі алғаш болып Арал ауданында жүзеге асуда.

Кездесуде аудан әкімі Серік Сермағамбетов аудандағы білім беру сапасының жылдан жылға артып келе жатқандығын айтып, оқушылар жан-жақты білім алу үшін материалдық-техникалық базаларды нығайту бойынша қажетті шаралар жасалынып жатқандығын жеткізді.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өз сөзінде: «Өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалық – бұл біздің жалпыұлттық міндетіміз»,-деген болатын. Президент тапсырмасын орындау біздің өңірде де сәтті жүзеге асуда. Урбанизация және демографиялық процестерге байланысты 2025 жылға дейін аудан бойынша 12 мектеп салынса, оның 4-еуі «Жайлы мектеп» бағдарламасы аясында жүзеге асады. Бұған қоса алдағы 2 жылда 4 орта мектепке күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады»,- деді С. Сермағамбетов.

Арал ауданындағы білім саласы деңгейі артып келеді. Мәселен, былтыр аудандағы ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысқан 532 оқушының 410-ы жоғарғы оқу орнының, 6-ы облыс әкімінің грант иегері атанды. Бұл көрсеткіш алдыңғы жылғымен салыстырғанда 8 пайызға артып отыр.

335408641_1294933937724109_3446308134352228014_n.jpg

 

335154134_132006916477433_7902779707938151119_n.jpg

 

335491602_164851676379401_7282927471604996353_n.jpg

 

333618583_1560679174410719_274339724656359489_n.jpg

Тағы да оқыңыз: