Kyzylorda-news.kz. Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев «Жайлы мектеп» ұлттық жобасымен қала аумағында бой көтерген 900 орындық мектептің құрылыс алаңына барды, деп хабарлайды Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Келісім-шарт құны 5 млрд теңгеден асатын білім ордасы өткен жылдан бері салына бастаған болатын, бас мердігер – «СК Дәнекер» ЖШС.
Аймақ басшысы мердігерлерге құрылыс сапасын қатаң бақылауда ұстауды, мерзімінде аяқтауды тапсырды.
Еске салсақ, Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында өңірде биыл 10 мектеп ел игілігіне табысталады. Тағы 11 білім ұясының құрылысы жүргізіледі.
«Жайлы мектеп» білім беру саласындағы пилоттық ұлттық жобаны іске асыру бойынша ағымдағы жұмыстар шеңберінде елімізде 2024 жылы 208 мектеп салу жоспарланған. 182 жайлы мектеп бойынша мердігерлермен (консорциум жетекшілерімен) EPC-келісімшарттарға қол қойылды.
Бұл ретте, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыру шеңберінде бас мердігерлерге құрылыс материалдары, жиһаз бен жабдықтарды жеткізетін компанияларды таңдау мүмкіндігі берілді.
«Жайлы мектеп» ұлттық жобасының қолданыстағы шарттарына сәйкес: мектептерді жобалау процесінде Қазақстанда жасалған құрылыс материалдары, бұйымдар, конструкциялар мен жабдықтарды таңдау кезінде жобалаушылар мына дерек көздерін басшылыққа алуы қажет.