Kyzylorda-news.kz. 45 директордың басшы ретіндегі біліктілік санаты жоқ, деп хабарлайды Kyzylorda news ақпарат агенттігі El.kz сайтына сілтеме жасап.
Бұл туралы Шымкент қаласының тұрғындары ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевпен кездесуде мәлім етті. Сонымен қатар, 13 білім ордасының басшысы бір орында 7 жылдан бері отыр. Оtyrar.kz хабарлауынша, Шымкентте 26 мектеп күрделі жөндеуді қажет етеді. Биыл 3 мектепті реконструкциядан өткізу үшін 2 млрд-қа жуық қаржы қаралып отыр.
2025 жылға дейін 25 білім беру нысанына күрделі жөндеу жүргізіледі. Шымкентке жұмыс сапарымен келген ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев жаңа мектептер салумен қатар, ескі мектептерге де лайықты көңіл бөлу қажеттігін айтты.
Шымкент қаласында 2028 жылға дейін 50 340 оқушыға арналған 63 мектеп салу жоспарланып отыр.