Kyzylorda-news.kz.  Астана әуежайында ұшақтардың түнде ұшып-қонуына шектеу қойылады деп хабарлайды Kyzylorda news ақпарат агенттігі www.ktk.kz сайтына сілтеме жасап.

 1 мамырдан бастап Астана әуежайына күрделі жөндеу жүргізіледі. Осыған байланысты түнгі уақытта ұшып-қонуға шектеу қойылады. Бұл шектеу 8 айға созылады.

Бірқатар келіссөздердің, ауа райы болжамының, әуежайдың әртүрлі уақыт аралығындағы жүктемесін зерделей келе, жолаушылар үшін туындайтын қолайсыздық салдарын азайту мақсатында түнгі уақытта күрделі жөндеу жүргізу туралы шешім қабылданды. Осылайша, 2024 жылғы 1 мамырдан 24 желтоқсанға дейін жергілікті уақыт бойынша сағат 22:00-ден 06:00-ге дейін Астана қаласының әуеайлағында әуе кемелерінің ұшып-қонуына шектеу қойылады. Бұл шара әуежай ұсынатын қызметтердің сапасына кері әсер етпейді», - деп жазылған Көлік министрінің ресми хабарламасында.

Тағы да оқыңыз: