Kyzylorda-news.kz. Жаңақорған ауданында 3 мектеп пен 1 балабақшаның құрылысы жүргізілуде.

Олар Жаңақорған кентінде МАИ және Ипподром аумағындағы 300 орындық мектеп пен №169 мектептің 600 орындық жаңа ғимараты, Жаңақорған кентінде МАИ және Ипподром аумағындағы 300 орындық мектеп пен №169 мектептің 600 орындық жаңа ғимараты, Бірлік ауылындағы 90 орындық балабақша құрылысы жүруде. Бүгінде құрылыстың қарқыны күшейтіліп, облыс және аудан әкімдігі сапасын жіті бақылауда.

Бір ай уақыт бұрын іргетасы қаланып бастаған Ипподром мөлтек ауданындағы 300 орындық мектептің құрылыс қарқыны бүгінде жақсы жүргізілуде. Мердігер кампанияның айтуынша, 2023 жылы берілуі тиіс нысанды мерзімінен бұрын биыл аяқтауды жоспарлап отыр. Ал МАЙ бекетіндегі 300 орындық мектеп құрылыс барысы бүгінде әкімдіктің қатаң бақылауында. Сондай-ақ, кент орталығындағы 600 орындық №169 орта мектеп құрылысы аяқталуға жақын. Биыл балалар игілігіне пайдалануға беріледі деп күтілуде.

Бүгінде Жаңақорған ауданында бала санының өсімі жоғары. Осы ретте мектепке дейінгі білім беру мәселесі өзекті болып отыр. Қазіргі таңда аудан бойынша 118 балабақшада 6 141 бала тәрбиеленуде. Балабақшаларда орын тапшылығын жою мақсатында бүгінде Бірлік ауылында 90 орындық балабақша құрылысы жүргізілуде. Жаңа балабақша биыл пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр. Мұнымен қоса, биыл Жаманбай батыр ауылында да 90 орындық балабақша құрылыс басталады деп күтілуде.

Тағы да оқыңыз: