Kyzylorda-news.kz. 101 жастағы Яхия Тасыров – Сыр өңіріндегі көзі тірі жеті Ұлы Отан соғысының ардагерінің бірі. Тереңөзек кентінде тұрады.
Күніне бірнеше шақырым жаяу жүретін майдангер “референдум мемлекетіміз, еліміз үшін маңызды, бармасам болмайды” деп сайлау учаскесіне ерте келіп алыпты. Сол жердегі азаматтар қарияны көре сала риза болып, құрмет көрсетіпті. Яхия ата болса, өзінің таңдауын жасап, батасын беріп кетті.