Фото: aikyn.kz
Kyzylorda-news.kz. Үкімет шегірткемен күреске 4 млрд теңгеге жуық қаржы бөлді деп хабарлайды Kyzylorda news ақпарат агенттігі
Шегірткенің жаппай таралып кетуінің алдын алу үшін 3,9 млрд теңге бөлінді. Премьер-Министр Әлихан Смайылов тиісті қаулыға қол қойды.
Елімізде соңғы жылдары үйірлі шегірткелердің таралу алаңының ұлғайғаны байқалады: 2020 жылы – 514 мың га, 2021 жылы – 626 мың га, 2022 жылы – 975 мың га. 2023 жылы таралу алаңы 1 585 мың га болады деп болжанғанымен, іс жүзінде 1 616 мың га өңделді, — деп жазылған хабарламада.