Kyzylorda-news.kz. Аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаевтың тапсырмасына сәйкес облыс әкімінің бірінші орынбасары Серік Қожаниязов Жалағаш ауданына жұмыс сапарымен келіп, аудан әкімі Асқарбек Есжановпен бірге бірқатар нысандарды аралады.
Ең алдымен Жалағаш кенті, «Ақтерек-170 га» гектарға инженерлік-инфрақұрылым құрылысы жұмыстарымен танысты. Бірақ халықтың өсу тенденциясына орай тұрғын үй құрылысын салу үшін жер телімдерін сұрау өтініштері күннен күнге өсуде.
Осыған орай, 2017 жылы Жалағаш кенті, «Ақтерек-170 га»-ға түбегейлі-жоспарлау жобасы әзірленді. Егжей-тегжейлі жоспарлау жобасының тұрғын үй құрылысы екі қабатты және жеке тұрғын үй құрылыстарымен ұсынылған және 170 гектар аумақты қамтиды.
Бұдан соң, Серік Салауатұлы аудандағы темір жол арқылы өтетін жаяу жүргіншілерге арналған аспалы көпір салу жобасымен танысты. Сондай-ақ, Жалағаш кентіндегі емдеу мекемелеріне кәріз жүйесін салу жобасымен де таныс болды.
Сонымен қатар облыс әкімінің орынбасары аудан әкімдігінде құқық бұзушылықтардың алдын алу мен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мәселелері бойынша қоғамдық қабылдау өткізді.