Kyzylorda-news.kz. Бүгін солтүстік-батыс антициклонының ықпалымен Қазақстанның басым бөлігінде күн жауын-шашынсыз болады, деп хабарлайды Қазгидромет.

Елдің солтүстігінде, солтүстік-батысында, шығысында, оңтүстік-шығысында жаңбыр жауады, елдің шығысындағы таулы аудандарда жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Республиканың оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда бұршақ жауады.

Республиканың кей жерлерінде жел күшейіп, солтүстікте, солтүстік-батыста, орталықта, елдің шығысында түнде және таңертең тұман түседі, солтүстікте, шығыста, республиканың орталығында түнде топырақ бетінде 2 градусқа дейін үсік жүреді.

Күндіз Маңғыстау облысының басым бөлігінде қатты ыстық болады.

Қызылорда, Түркістан облысының оңтүстігінде, шығысында, Маңғыстау облысының оңтүстігінде, Бесқарағай ауданында Абай облысының төтенше өрт қаупі сақталады.

Тағы да оқыңыз: