Kyzylorda-news.kz. 7 маусымда Қазақстанның басым аумағында құбылмалы ауа райы күтіледі: найзағай ойнап, жаңбыр жауады.

Батыста, солтүстікте, оңтүстіктің таулы аудандарында бұршақ, дауыл болжанады. Еліміздің оңтүстігінде, орталығында, шығысында ауа райы – жауын-шашынсыз. Республика бойынша жел күшейіп, солтүстікте – тұман, оңтүстік-батыста, солтүстікте – шаңды дауыл болады.

Күндіз Қызылорда облысының орталығында желдің жылдамдығы 15-20 м/с артады.

Қызылорда облысының батысында, шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі күтіледі.

Тағы да оқыңыз: