Kyzylorda-news.kz. «Қазгидромет» РМК-сы маусымның 14-і күнгі күн райы болжамын жариялады.
Кәсіпорын таратқан деректерге қарағанда, Қазақстан территориясының басым бөлігіне әлі де циклонның және онымен байланысты атмосфералық ағындардың ықпалында болады. Соған байланысты күн райы құбылмалы болады, найзағаймен бірге жаңбыр жауады, сонымен бірге бұршақ жауып, дауыл тұрады, еліміздің оңтүстік-шығысында нөсер жауын жауады. Республика бойынша жел күшейеді, оңтүстік-батыста, оңтүстігінде шаңды дауыл тұрады.
Күндіз Қызылорда облысының орталығында шаңды дауылмен бірге жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.