Kyzylorda-news.kz. Елдің саяси үдерістегі батыл қадамы, мемлекеттің өз деңгейінде қарқынды дамуына әкелетіні сөзсіз. 30 жыл тарихи өлшеммен аз уақытты көрсеткенімен, біз секілді елдің даму тарихында бұл аз уақыт емес. Ел арасында республиканың әрі қарай дамуы кең көлемде түрлі пікірге ұласуы, азаматтарымыздың саяси мәдениеті мен сауатының тиісті деңгейде екені байқатады. Мемлекет басшысы осыны аңғара келе, елдің аз да болса, түрлі жаңалықтары мен оқиғаларға толы жылдарында халықтың толыққанды билікке араласуын қамтамасыз етуді көздеп отыр.

Бүкілхалықтық референдум көптеген азаматтарымызға түрлі ой салатыны рас. Алайда, еліміздің әріқарайғы саяси өзгерістері халықтың жоғары деңгейдегі сауаттануына және ойламды шешімдер жасауына ықпал болады. Ендігі кезекте дамыған, құқықтық мемлекеттер секілді Ата заңымызды жатқа білетін қоғам қалыптастырып, білім иммунитеті арқылы мемлекетіміздің Әлемдік деңгейдегі өміршеңдігін сақтайтынына кәміл сенемін. Оның дәлелі бүгінгі еліміздегі өтіп жатқан бүкілхалықтық референдум. Сайлау технологиясын жоғары меңгерген отандастарымыз, өз таңдауын жасап жатыр. Референдумға қатысқан жұртымыз белсенділігімен көзге түсіп, мемлекетіміздің жаңаша дамуына жаңа леп берген секілді.
Халықтың референдум арқылы өз таңдауын жасауы, бұл заман талабы және елдің демократиялық үдерістегі жаңа қадамы. Мен алдағы оң өзгерістер болатынына сенім білдіре отырып, саяси жүйенің жаңғыруын қолдап, өз таңдауымды жасадым.

Сәулет Сахиев, Саяси ғылымдар кандидаты

Тағы да оқыңыз: