Kyzylorda-news.kz. Бүгін сағат 09:15 шамасында Қызылорда қаласы Назарбаев даңғылы бойында «Тойота Камри» маркалы автокөлігі «Мерседес Бенц» маркалы автокөлігін сол қапталынан ұрып, көлік құралын басқаруға ие бола алмай, автобус аялдамасында тұрған адамдарға соққан.
Оқиға салдарынан үш адам оқиға орнында қайтыс болып, 2 адам медициналық мекемеге жеткізілді. Кінәлі автокөліктің жүргізушісі оқиға орнында анықталып, уақытша ұстау абақтысына қамаққа алынды. Сараптамалар тағайындалды.
«Аталған дерек бойынша Казақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігімен (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде», – делінген облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарламасында.