Kyzylorda-news.kz. Арал және Жалағаш ауданындағы типтік жобадағы мал қорымының құрылыс жұмыстары аяқталды.
Биыл ветеринария саласын дамыту мақсатында 2021-2023 жылдарға арналған «Жол картасы» әзірленді. Оның аясында 24 типтік жобадағы мал қорымы және 40 ветеринариялық пункт салу жоспарлануда. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте облыстық ветеринария басқармасының басшысы Ерсұлтан Апетов мәлімдеді.
“Бүгінде типтік жобадағы мал қорымдарын салу мақсатында тиісті жұмыстар жүргізілуде. Облыс бойынша 146 мал қорымы бар. Оның ішінде, ветеринариялық-санитариялық талаптарға сәйкес 90 типтік жобада салынды. Сондай-ақ, тағы да жеті типтік жобадағы мал қорымы салынады, – деді Ерсұлтан Амантайұлы.
Айта кетейік, облыста аса қауіпті жұқпалы аурулар тіркелген жоқ. Эпизоотиялық ахуал тұрақты.