Kyzylorda-news.kz. «Охотзоопром» мекемесінің және Қызылорда облысы Полиция департаментінің қызметкерлері бірлескен жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізу барысында қаскүнемдер құрықталды.

Қызылорда облысы Жалағаш ауданы аумағында күдік келтірген «Урал» мотоциклі тоқтатылды. Жедел-тергеу тобымен мотоцикл ішінен Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген қарақұйрық, аңшы мылтығы және пышақ алынды.    

«Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 337-бабы 4-бөлігімен (жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлеріне, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған жануарларға қатысты жасалған заңсыз аңшылық)  сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде», – делінген полиция департаментінің хабарламасында.

Тағы да оқыңыз: