Kyzylorda-news.kz. Бүгін Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысының міндетін атқарушы Арнур Нұрмағанбетовтың есебін тыңдап, алда атқарылуы тиіс жұмыстарды саралады.
Жыл ішінде Қызылорда және Байқоңыр қалалары мен Шиелі ауданында 372 пәтерлік 10 арендалық тұрғын үй пайдалануға берілмек. Сондай-ақ, облыс орталығында 580 пәтерлік 12 кредиттік тұрғын үй мен 270 пәтерлік 7 жеке коммерциялық құрылыс салушылардың есебінен тұрғын үй салынады. Одан бөлек, 28 әлеуметтік нысан құрылысын жүргізу жоспарлануда.
“Ауыл ел бесігі” бағдарламасы аясында барлығы 13 нысанның құрылысы жүргізілмек.
Аймақ басшысы құрылыс жұмыстарын жүргізуде сапаға айрықша мән беріп, мердігер мекемелердің әрбір нысанды уақытылы аяқтауын бақылау қажеттігін ескертті.


