Kyzylorda-news.kz. Бүгін елдің басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады, деп хабарлайды Қазгидромет.
Синоптиктердің болжамынша, күн күркіреп, жаңбыр жауады. Республиканың оңтүстік-шығысында қатты жел соғып, жаңбыр жауады.
Қызылорда облысының басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Ауа температурасы +41 +43 градусты көрсетеді.