Kyzylorda-news.kz. 16 наурыз күні кешкі сағат 20.42 – де «КЕГОК» АҚ-на қарасты энергожүйедегі кернеулігі 220 кВ кернеудің күрт төмендеуінен облыс көлемінде электр энергиясының ажыратылуы орын алды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Ерлан Жаңабаев мәлімдеді.

Энергожүйесінде орын алған ажыратулардан Қызылордажылуэлектрорталығындағы бу қазандығының қорғаныс жүйелері іске қосылып артық бу ауаға шығарылды. Қызылордажылуэлектрорталығында қондырғылар істен шыққан жоқ.

Салдарынан Қызылорда қаласы және Қармақшы, Жалағаш, Сырдария, Шиелі және Тереңөзек аудандарындағы 139 503  тұтынушылары электр энергиясынан ажыратылды. Сонымен бірге Қызылорда ЖЭО-ның  жылу беру қызметі тоқтап, орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған 33700 абонент жылусыз қалды. 

Сағат 21.58-де аудандар мен Қызылорда қаласы тұтынушыларына электр энергиясы кезең-кезеңімен беріле бастады. 17 наурыз сағ: 02.21-де аймақ электр энергиясымен толық қамтамасыз етіліп жұмыс штаттық режимге көшті.

Кеше сағат 22.57-де Қызылорда ЖЭО-на  қарасты барлық қазандықтар іске қосылды. Ал 17 наурыз сағат 02.40-та жылу желілерінің гидравликалық және температуралық режимі толықтай қалпына келтірілді.

Тағы да оқыңыз: