Kyzylorda-news.kz.  Қазақстандықтар 2021 жылдың наурыз айында 12 күн демалады.  

Наурызда қазақстандықтар екі мерекені қатар атап өтеді: 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні және 21-23 наурыз – Наурыз мейрамы.    

Халықаралық әйелдер күні биыл дүйсенбіге түсіп тұрғандықтан, бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар үш күн қатарынан демалады.

Наурыз мейрамын тойлау кезінде ел тұрғындары бес күн – 20,21,22,23,24 наурызда демалады. Наурыз мейрамының алғашқы күні жексенбіге сәйкес келгендіктен, демалыс күні сәрсенбі 24 наурызға ауыстырылды.

Тағы да оқыңыз: