Kyzylorda-news.kz. Қазақстанда тағы 2 адам коронавирус жұқтырды. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Covid-19 індетінің тағы екі фактісі Алматы қаласында расталған.

«Оның бірі – 1998 жылы туған қыз бала. Студент. Ыстанбұл-Алматы рейсімен 15 наурызда ұшып келген. Екіншісі – 1974 жылғы әйел адам. 10 наурыз күні Мәскеуден Алматыға ұшып келген. Екеуі де қазір стационарда. Жағдайы жақсы», – деді Диас Ахметшәріп министрліктің ресми парақшасында.

Бүгінгі таңда Қазақстанда коронавируспен ауыратындар саны 35-ке жетті. Оның ішінде 17 жағдай – Алматыда, 18 факті – Нұр-Сұлтанда тіркеліп отыр.

Тағы да оқыңыз: