Kyzylorda-news.kz.Қазалы ауданының орталығы – Әйтеке би кентіндегі базардан өрт шықты.

Тілсіз жау 2 мыңнан астам шаршы метр аумақты шарпыды.
Оқыс оқиға бүгін «Ер-Нұр» базары аумағында орналасқан «Нұр» асханасында басталған. Жалын одан кейін асханаға жақын аумақтағы «Орынай», «Ақбота», «Арзан» сауда үйлері мен шаруашылық заттарын сататын «Баянсұлу» және екі азық-түлік дүкенін шарпыды.
«Оқиға орнына облыстық төтенше жағдайлар департаментінің 33 маманы 3 техникамен барды. Сондай-ақ өзге де сала мамандары келді. Жарақат алған және қаза болғандар жоқ. Өрттің шығуына басты себеп ретінде электр жүйесінің қысқа тұйықталуы қарастылып отыр», – деп мәлім етті Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарының баспасөз қызметі.

Айта кетейік, кеше Қызылордада «Бақша Сарай» дәмханасы өртенді.

Тағы да оқыңыз: