Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласында «Бақша Сарай» кафесі өртенді.

Оқыс оқиға кеше, яғни, 24 маусым күні сағат 9.00 шамасында болды. Жергілікті 112 құтқару қызметіне «Бақша Сарай» кафесінде өрт оқиғасы болып жатқаны туралы хабарланды.

Оқиға орнына өртке қарсы қызметтен 40 қызметкер 9 техникамен барды. Өрт 09.29-де оқшауланып, 09:43-де толығымен сөндірілді. Өрт салдарынан зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ.

«Өрттің шығу себебі электр сымдарының қысқаша тұйықталуынан болды деген болжам жасалып отыр. Қазір келген шығын анықталу үстінде. Төтенше жағдай орнынан 1 кіші және 1 үлкен сыйымдылықтағы газ баллондары шығарылды. Жыл басынан бері облыста 229 өрт оқиғасы тіркелді. Соның салдарынан төрт адам қайтыс болды. Жарақат алғандар да бар», – деп мәлім етті Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз маманы Әлия Ережепова.

Тағы да оқыңыз: