Kyzylorda-news.kz. Қармақшы ауданындағы орталық кітапханада қазақтың бас ақыны Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған «Абай» залының ашылу салтанаты өтті.

Салтанатты шараға аудан әкімі Мұса Қалдарбеков, аудан әкімінің орынбасары Жарқын Омаров, мәдениет саласының ардагер кітапханашылары мен оқырмандары қатысты.

Шара барысында жас оқырмандар Абай өлеңдерінен үзінді оқып, жыраулар ұлы ақын өлеңдерін сыр мақамдарына салып терме орындады.

Сонымен қатар, оқырмандар назарына «Алтын Орда – Ұлы дала тарихының арқауы», «Әл-Фараби және оның рухани мұрасы», «Еріктілік-риясыз жақсылық жасау» тақырыбында көрмелер ұсынылды.

Абай залында ұлы ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы 200 ден астам шығармалары мен Абайды зерттеушілер М.Әуезовтың, З.Ахметовтың, М.Мырзахметовтың, Р.Сыздықованың, Ә.Қоңыратбаевтың, Д.Омаровтың, Д.Досжанның, Ғ.Есімнің басылымдары айрықша орын алды.

Сонымен бірге, құнды жинақтар қатырында 1965 жылы салынған «Абай» портреті, М. Ауезов «Абай» романы (1948 жыл), Абай Құнанбаев «Ғылым таппай мақтанба» өлеңдер жинағы. Қазақстан мемлекеттік көркем әдебиет баспасы(1950 жыл), «Таңдамалы шығармалары» (1952 жыл), «Шығармаларының толық жинағы» 2 том (1954 жыл), «Стихотворения поэмы прозы» Москва (1954 жыл), М.С.Сильченко «Творческая биография Абая» (1957 жыл) жинақталған.

Тағы да оқыңыз: