Kyzylorda-news.kz. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қалмұханбет Қасымовты қызметінен босатты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

«Мемлекет басшысының жарлығымен Қалмұханбет Нұрмұханбетұлы Қасымов Қазақстан Республикасы мемлекеттік күзет қызметінің бастығы лауазымынан босатылды», – делінген хабарламада.

Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәлидің хабарлауынша, Қалмұханбет Қасымов отставкаға және мемлекеттік қызметтен кету туралы өзі өтініш берген.

«Қасым-Жомарт Тоқаев Қалмұханбет Қасымовқа құқық қорғау органдарындағы ұзақ жылғы қызметі мен мемлекеттік күзет қызметінің бастығы ретінде сіңірген еңбегі үшін алғыс білдірді. Мемлекеттік күзет қызметі бастығының міндетін уақытша атқару Ермек Сағымбаевқа жүктелді», – деп жазды Уәли.

Айта кетейік, Қалмұханбет Қасымов бұл қызметке 2020 жылдың қаңтарында тағайындалған болатын.

Тағы да оқыңыз: