Kyzylorda-news.kz. Ел Президентінің «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауы аясында облыс бойынша «Отбасының цифрлық картасы» пилоттық жобасы қыркүйек айынан бастап іске қосылды.
Әлеуметтік Кодекстің жобасы аясында «Жұмыспен қамтудың саясаты», «Жаңа көші-қон саясаты», «Балалы отбасыларға қолдау көрсету шаралары», «Арнаулы әлеуметтік қызметтер жүйесін жаңғырту, «Қазақстанда зейнетақы төлемдерін арттыру» қамтылған.
«Жаңа Әлеуметтік Кодекстің негізгі мақсаты – бұл халықтың түсінуін жеңілдету үшін осы саладағы қолданыстағы заңнаманың барлық нормаларын бір құжатта шоғырландыру. Жоба кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын болады. 2022 жылдың 1 қыркүйегінен бастап жәрдемақы мен әлеуметтік төлемдердің 9 түрі бойынша жаңа форматта қызмет алу мүмкіндігі ұсынылды. 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап тізбе әлеуметтік қорғау саласындағы қызмет кеңейтіліп, 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап денсаулық сақтау және білім беру салаларына мемлекеттік кепілдіктер енгізіледі. Сондай-ақ, 2025 жылдан бастап мемлекеттік кепілдіктің барлық түрі қамтылады деген жоспар бар», — деді Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қызылорда облысы бойынша департамент басшысы Ертілеу Жалғасбаев Өңірлік коммуникация қызметінде өткен брифинг барысында.