Kyzylorda-news.kz. «Жұмыртқа неге қымбат?» деген сауалға Сауда және интеграция министрі жауап берді.

Ресей өкілі Қазақстаннан жұмыртқа сұрағаны есіңізде шығар? Мәжіліс кулуарында журналистер Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиевке «Жұмыртқа неге өзімізде қымбат?», «Экспорт жасау дұрыс па?» деген сауалдарды қойды.

Маусымдық өсім бар. Бізде 5 млрд 100 млн-ға жуық жұмыртқа өндіретін 34 зауыт бар. Еліміз 5 миллиардқа жуық жұмыртқа жейді. Сол себепті зауыттың қосымша экспорт жасауына мүмкіндігі бар, — деп жауап берді министр.

Арман Шаққалиев жұмыртқаның қымбаттап жатқанын «Маусымдық динамика» деп түсіндірді.

Әр өнімнің өзіндік салмағы бар. Маусымдық динамикаға үйрену керек, жазда арзандап, қыста қымбаттайды. Дүрбелең тудырудың қажеті жоқ, — деді министр.

Тағы да оқыңыз: