Kyzylorda-news.kz. Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің бұрынғы басшысы Анар Жайылғанова 55 жасында қайтыс болды, - деп хабарлайды Massaget.kz. 

"Мен Анар Нұралықызының өмірден өткеніне сене алмадым. Ол өмірде өте ақкөңіл, ашық, шыншыл адам еді. Мен Анар Нұралықызының қол астында жұмыс істедім. 2020 жылы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі баспасөз қызметінің жетекшісі болып жұмыс істей бастадым. Ол өте білікті, білімді басшы еді. Оның көп жақсы ісі есімде. Ол қайырымдылықпен де айналысқан, бірақ бұл туралы ешкімге айтпайтын.

Ауыр қайғы. Обасы мен жақындарына көңіл айтамын!", - деді Анар Жайылғанованың бұрынғы әріптесі Ерхан Тәткен.

Тағы да оқыңыз: