Kyzylorda-news.kz. ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысы басталды. Отырыста Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялап жатыр. Президент қаңтар оқиғасында төңкеріс жасауға ұмтылғандардың арасында белгілі адамдар болғанын айтты.

«Жоғары лауазым иелері мемлекетке сатқындық жасады. Олар күштік құрылымдардың заңға сәйкес қимылдауына кедергі келтірді. Мемлекет басшылығына қалалардағы ахуал туралы жалған ақпарат берді. Сатқындардың опасыздығы құқық қорғау органдарының беделіне нұқсан келтірмеуге тиіс. Онда қызмет ететін азаматтар да – өз бауырларымыз. Олар елмен бірге екенін, туған халқы үшін қасық қаны қалғанша күресетінін дәлелдеді», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Тағы да оқыңыз: