Kyzylorda-news.kz. Бүгінде Қызылорда облысында көптеген ірі инвестициялық-инновациялық жобалар жүзеге асырылуда. Солардың бірі – Шиелі ауданындағы «Шиелі Жолшы» серіктестігі. Қуаттылығы жылына 2500 дана темір-бетон өнімін шығаратын зауыт 2018 жылдан бастап тұрақты түрде жұмыс істеп келеді.

Бүгінде аталған кәсіпорында 30-ға жуық адам жұмыс қамтылған. Зауыттың өзге кәсіпорындардан бірден — бір артықшылығы — тауарлы бетонның 5 түрлі маркасын және 17 түрлі жабынды плиталарды өндіріп, аудан тұрғындарына тасымалдайды. Қазіргі таңда зауыт өнімі Шиелі ауданы көлемінде сатылымға ұсынылуда.

Үй және түрлі бағыттағы ғимараттар салуда кеңінен қолданылатын құрылыс материалын өндіретін зауыттың негізгі өнімі – темір-бетон. Өнімнің маркасына қарай бағасы қосылған құн салығын қоса алғанда 22-28 мың теңгені (м3) құраса, жабынды плиталар данасына 36-68 мың теңгені құрайды.

Сонымен қатар, Шиелі ауданында орналасқан «КазСтрой Орда» ЖШС-ның бетон зауыты халыққа қызмет көрсетуде. Зауыт өткен жылы іске қосылып, қазір сағатына 50 м3 бетон өндіруге қауқарлы. Мекемеде бес адам жұмыс істейді. Шығарылған өнімнің басым көпшілігі ішкі нарыққа жөнелтіледі. Сондай-ақ, бір бөлігі көршілес Жаңақорған ауданына сатылады.

Тағы да оқыңыз: