Kyzylorda-news.kz. Синоптиктердің болжамынша, көптеген облыстарда температура 27-35 градусқа дейін, ал оңтүстікте 35-42 градусқа дейін көтеріледі.

Қазгидромет алдағы күндері елміздің басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз болатынын мәлімдеді. Республиканың кей аймақтарында қатты жаңбыр, найзағай, жел мен бұршақтың жаууы болжанған.

Қызылорда облысында – 40-43 градус қатты ыстық болады деп болжануда. Облыстың батысында, солтүстігінде өрт қаупі жоғары. Оңтүстігінде, солтүстік-шығысында, облыстың орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Тағы да оқыңыз: