Фото: www.gov.kz
Kyzylorda-news.kz. Қазалы ауданының әкімі Мұхтар Оразбаев "Етене" бағдарламасында неден айырылып қалудан қорқатынын айтты, - деп хабарлайды Kyzylorda news ақпарат агенттігі.
Мұхтар Оразбаевтың қорқынышы елдің болашағы екен.
Мемлекеттік қызметте жұмыс істеп жатқаныма 24 жыл толды. Қазір ақпараттың жылдам даму кезеңіндеміз. Әлеуметтік желідегі қисынсыз контент, жалған посттардың салдарынан рухани құндылықтардан айырылып қалмасақ деймін. Адамнан сыйластық жоғалмаса екен. Елдің болашағы да жарқын болса деген тілегім бар",- деп айтты әкім.