Kyzylorda-news.kz. Бүгін облыс әкімінің орынбасары Қайрат Нұртай “Қайсар” футбол клубының ойыншыларымен дидарласып, Сыр жанкүйерлерінің аманатын жеткізді.

Тарихы “Волнадан” басталатын “Қайсардың” балғын балаларға үлгі боларлықтай жетістіктері жетерлік. Биыл команда жаңа мақсаттарды орындап, Сыр жанкүйерлерін қуантуы керек. Біріншіліктегі бәсекелестікке төтеп беріп, премьер-лигаға қайта оралуымыз тиіс. Ел кубогы қарсаңында “Оқжетпеске” қарсы өткен алғашқы матчқа шолу жасасақ, ойын мәнері жаман емес. Сондықтан биыл жанкүйерлермен бірге футболшылардан сапалы ойын мен жеңісті матчтар күтеміз, – деді Қайрат Ырзақұлұлы.

Кездесу барысында команданың капитаны Мақсат Байжанов “Қайсардың” маусымға қаншалықты дайын екенін жеткізді.

Биыл жаңа маусымға жан-жақты дайындалдық. 3 оқу-жаттығу жиынын өткіздік. Оның екеуі Қызылордада өтсе, соңғысын Түркияда жүргіздік. Жақсы футболшылар қатарымызға қосылды. Жігіттермен бірге жоғары мақсаттарға жетуге жұмыс жасаймыз.​ Алдағы ойындарда жеңіске жетіп, аймақ басшысы бастаған жанкүйерлерімізді қуантуға әзірміз, – деді команда капитаны.

Айта кетейік, дала қасқырлары 12-сәуірде OlimpBet Қазақстан кубогының ІІ кезеңі аясында Ғ.Мұратбаев атындағы орталық стадионда “Жас Сұңқар” командасын қабылдайды. Матчты тамашалау жанкүйерлер үшін тегін болмақ.

Тағы да оқыңыз: