Kyzylorda-news.kz. Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында Сыр өңірінің ауыл шаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі басталды.
Аталған жәрмеңке бас қаладағы «Хан Шатыр» сауда ойын-сауық орталығының жанында, Тұран даңғылы мен Д.Қонаев көшесінің қиылысындағы бірыңғай конструкциямен жабылған алаңда өткізілуде.
Сыр елінің елордаға тартуы екі күн бойы жалғасады. Жәрмеңкеге Қызылорда қаласы мен 7 ауданының 70-тен аса шаруашылық пен кәсіпорындары 30 автокөлікпен 360 тоннаға жуық жоғары сапалы өнімдерін ұсынуда.
Нұрсұлтан МЫҚТЫБАЙ
Суреттерді түсірген Ермұрат НАЗАРҰЛЫ