Kyzylorda-news.kz.  Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Уимблдон-2022-дегі жеңісі үшін теннис федерациясының сыйақысынан бас тартты, деп хабарлайды Stan.kz . 

“Біз федерация атынан Елена Рыбакинаға сыйақы бергіміз келген, алайда ол бас тартты. Сонымен қатар ол сыйақыны Қазақстанда жастарды қолдауға және қайырымдылыққа жұмсамақшы”, – деді Қазақстан теннис федерациясының өкілдері. 

Ал Спорт және дене шынықтыру істері комитеті спортшыға ешқандай сыйақы қарастырылмағанын мәлімдеді. 

“Халықаралық жарыстардың чемпиондарын, жүлдегерлерін, сондай-ақ жаттықтырушыларды ақшалай ынталандыру Қазақстан Республикасы үкіметінің 2007 жылғы 28 наурыздағы №152 қаулысы негізінде іске асырылады. Бұл Уимблдон турнирі коммерциялық болғандықтан, республикалық бюджеттен ақшалай төлем қарастырылмаған”, – делінген Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің хабарламасында.

Тағы да оқыңыз: