"Қазгидромет" РМК синоптиктері 24-26 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады.
Қазақстанның басым бөлігінде белсенді циклон шығыс бағытта ауысып, жаңбыр, найзағай, желдің күшеюі күтіледі, 24 тамызда солтүстікте және орталықта, 24-25 тамызда шығыс пен оңтүстік-шығыста қатты жаңбыр жауады, бұршақ жаууы мүмкін. Түнде және таңертең еліміздің батысы мен солтүстігінде жекелеген аудандарда тұман күтіледі. Температуралық фонда күрт өзгерістер күтілмейді.