Kyzylorda-news.kz. Мемлекет басшысының арнайы құттықтауы әнші-композитор Батырхан Шөкеновтың анасына де жетті.

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Қайрат Ырзақұлұлы белгілі әнші-композитор, ҚР еңбек сіңірген өнер қайраткері Батырхан Камалұлы Шөкеновтың анасы Дилара Ибрагимқызына ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың арнайы құттықтауын жеткізіп, сый-құрмет жасады.

Өз кезегінде Дилара Ибрагимқызы Мемлекет Басшысына аналық алғысын жеткізіп, ақ батасын берді.

Тағы да оқыңыз: